Атырау облысында жанармай тасымалдайтын көлік өртенді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жанармай тасымалдайтын көлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, көлік өрті кеше, 20 қыркүйекте сағат 18:42 шамасында болған.

«Департаменттің диспетчерлік пультіне «Атырау-Индер» тас жолындағы Бесікті ауылының тұсында жанар-жағармай тасымалдайтын көлік өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер сыйымдылығы 23 тонналық жүк көлігінің кабинасы толық өртенгенін анықтады. Жалын сағат 19:09-да оқшауланып, сағат 19:13-те сөндірілді. Өртті сөндіруге арнаулы қызметтің 8 қызметкері мен 2 көлігі жұмылдырылды. Көліктің өртенуіне электр жүйесінің қысқаша тұйықталуы себеп болған» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда тұрғын үйдің шатыры, кейіннен екі қабатты мансардты үй өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар