Атырау облысында жаңа прокурор тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында жаңа арнайы мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Бас прокурорынының бұйрығымен арнайы мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры қызметіне Асқат Хабиболлаұлы Касимов тағайындалды»,-делінген ведомство таратқан хабарламада.

35 жастағы А.Касимов осы тағайындауға дейін облыс прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарып келген. Табиғатты қорғау прокурорының құзырына өңірдегі қоршаған ортаны қорғаумен байланысты барлық мәселелер кіреді.

Ал осы лауазымды атқарып келген Владимир Малахов Қазақстанның өзге өңірінде қызмет ететін болады.

Соңғы жаңалықтар