Атырау облысында жаңа ХҚО ашылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Атырау облысының әкімдігінің қолдауымен Исатай ауданында мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған зәулім ғимарат салынып, ауданның 90 жылдың мерейтойына орай жаңа халыққа қызмет көрсету орталығының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация Атырау облысы бойынша филиалы.

Шарада аудан әкімі Марат Мурзиев пен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Исатай ауданының перзенті, Жылыой ауданының «Құрметті азаматы» Ғаббас Хисметуллин аудан тұрғындарын құттықтаса, филиал директоры Мұса Хайруллиев пен «Құрмет» орденінің иегері Құрманғазы, Исатай аудандарының «Құрметті азаматы» Зұлбыхар Сүйінішев жаңа ғимараттың лентасын қиды.
null 

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, бүгінгі таңда халыққа қызмет көрсету, тұрғындардың іс-құжаттарын рәсімдеу, қолжетімділікті арттыру еліміздің басты жетістіктерінің біріне айналуда. Осының бір дәлелі - бүгіннен бастап аудан тұрғындары өздеріне ыңғайлы, әрі жаңа орында мемлекеттік қызметке қол жеткізе алады. Мұның бәрі корпорацияның Сіздерге жасап жатқан игі істері деп қабылдаңыздар»,- деді Исатай ауданының әкімі Марат Бисенғалиұлы.

Енді бөлімнің 19 қызметкері Аққыстау кенті Е.Есжанұлы 25 мекенжайында орналасқан екі қабатты ғимаратта 30 мыңға жуық аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді.
null 

«Бұрын бөлімнің ескі ғимаратының қызмет көрсету залы 40 шаршы метр болса, қазіргі жағдайда 200 метрді құрап, 5 есеге ұлғайғанын айта кету керек. Яғни бір мезетте 50 адамды қабылдауға толық мүмкіндігі бар. Сонымен қатар өз-өзіне қызмет көрсету секторы да кеңейіп, халықтың цифрлық сауаттылығын көтеруге жағдай жасалуда», - деді филиал директоры Мұса Хайруллиев.

Биылғы жылдың статистикасына көз жүгіртсек, бөлім 9 айда 42 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен.null 

null 

Соңғы жаңалықтар