Атырау облысында жаңа ауылдық округтер құрылуда

None
None
АТЫРАУ. 16 сәуір. КазАкпарат - Елбасы Н.Назарбаев биылғы жылғы халыққа Жолдауында жергілікті басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіткенін айтып, ол ауылдық, селолық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жасайтынын және азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысуын кеңейтетінін міндеттеген еді.

Міне, осы талапқа сәйкес және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңының 11-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 22 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 6, 27, 37 баптарына сәйкес Атырау облысы Махамбет, Мақат аудандары өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, Атырау облысы әкімдігі қаулысымен және V шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті XIII сессиясында осы аудандардың әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізілді. Махамбет ауданының Сарытоғай ауылы таратылып, ол Махамбет селосының құрамына қосылды.

Мақат ауданындағы Ескене және Байшонас елді мекендері де таратылды. Мақат ауданында Бәйгетөбе ауылы және Бәйгетөбе ауылдық округі құрылды. Оның құрамына Бәйгетөбе, Мұнай айдаушылар елді мекендері, №402 және 472 бекеттері енгізіліп. жалпы аумағы - 3600 га жерді құрап отыр.

Балықшы кенті Атырау қаласына қосылды. Енді Көкарна селосы, Ақжайық, Водников, Құрсай елді мекендері Балықшы кенттік округі болып қайта құрылып, оның орталығы Көкарна селосы болып белгіленді.

Соңғы жаңалықтар