Атырау облысында жалған вакцина паспортын жасатқан екі адам анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жалған вакцина паспортын жасатқан екі адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұл дерек Құрманғазы ауданында тіркелген.

«Құрманғазы аудандық полиция бөлімінде көрінеу жалған құжатты пайдалану дерегімен 2 қылмыстық іс тіркелді. Нақтылай айтқанда, аталған ауданның екі тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғысы келмеген. Сол себептен, екпе алғаны жөнінде жалған вакцина паспортын жасатып алған. Жалған вакцина паспортын тұрақты түрде пайдаланып, Ashyq электронды қосымшасына сәйкес, олардың мәртебесі «қауіпсіз» ретінде бағаланған» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде жалған вакцина паспортын жасатып алған екі адам қылмысын толықтай мойындаған. Аталған қылмыстық істі қаралған Құрманғазы

аудандық сотының үкімімен кінәлі адамдарға айыппұл жазасы тағайындалды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жалған вакцина паспортын 100 мың теңгеден сатқан медбикелер ұсталған болатын.


Соңғы жаңалықтар