Атырау облысында жағдайы төмен адамдарға тегін киім тарататын дүкен бар

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Жылыой ауданында әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарға арналған қайырымдылық дүкені ашылды. Мұқтаж жандар «Мейірім» бутигінен киім-кешектерін тегін ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл дүкенді ашу менің ойымда көптен бері жүрген. Дүкенді ашудағы мақсат - жағдайы төмен адамдарды тегін киім-кешекпен қамтамасыз ету. Ауданда әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар көп. Міне, ойымдағы жоспарым жүзеге жүзеге асып, қасиетті Рамазан айында тегін дүкеніміз ашылды»,- дейді аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Серік Қамидолла.

Бұл дүкеннің жұмысын жандандыру үшін ерікті жастар қолдау көрсетіп отыр. Маусымдық киім-кешектерді тұрғындардан қабылдап, оларды жинақтап, үлестіріп отыруға жастар кіріскен. Енді әрбір жылыойлық жаңа немесе өзінің киген киім-кешегін сол бутикке тапсыра алады. Ол үшін киім таза болуы керек.

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Серік Қамидолланың айтуынша, қазіргі таңда дүкен жаздық киімдерді қабылдауға кірісті. Тұрмыс жағдайы төмен әрбір адам кез келген уақытта сол «Мейірім» бутигіне келіп тіркеліп, ұнатқан киімін тегін ала алады. «Шараға атсалысамын дегендерге есігіміз әрдайым ашық!»,-дейді дүкен иелері.

Соңғы жаңалықтар