Атырау облысында жағдайы ауыр 12 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жағдайы ауыр 12 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирус инфекциясын жұқтырған 137 адам оқшауланған.

«Оның ішінде 75 адам үй жағдайында емделу, 580 төсек-орны бар инфекциялық стационарларға 62 науқас (жүктеме – 10,7%) хаттамаға сәйкес ем-дом қабылдау үшін жатқызылды. Қазір модульдік ауруханада – 45, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 14, фтизиопульманологиялық орталықта 3 науқас жатыр. Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кенішіндегі стационарға коронавируспен жатқан науқастар түскен жоқ», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Өткен тәулікте қауіпті вирусқа шалдыққан 6 науқас тіркелген. Атырау қаласында Covid-19 инфекциясын жұқтырудың 5 жағдайы расталған. Ал, Жылыой ауданында 1, Құрманғазы ауданында 1 науқас анықталған.

«Қазір инфекциялық стационарлардағы 58 орындық жансақтау бөлімінде коронавирус инфекциясымен жатқан 12 науқастың жағдайы ауыр. Оның ішінде жағдайы өте ауыр 3 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме – 22,4%», деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысындағы Теңіз кенішінде коронавируспен ауырған науқастар жоқ екенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар