Атырау облысында заңсыз балық аулуға рұқсат берген инспекторлар ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті «Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ инспекторларының пара алу фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, балық шаруашылығы инспекторлары Солтүстік Каспийдің ерекше қорғалатын табиғи аймағына балықты заңсыз аулау үшін кедергісіз өтуін қамтамасыз етіп, сондай-ақ браконьерлерге қамқорлық көрсеткен.

Қазіргі таңда осы іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Осы жылдың сәуір айында Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 4,6 кг салмақтағы екі бекірені алып бара жатқан тұрғынды ұстаған. Қылмыс жасағандарды жауапқа тартпау үшін құқық қорғаушылар 50 мың теңге көлемінде пара алған. Полиция қызметкерлеріне атағынан айырылып 1,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бір жыл бұрын Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерін әшкерелеп, кәсіпкерлік қызметті кедергісіз жүзеге асырғаны және жалпы қамқорлығы үшін ішінара балық аулаумен және сатумен айналысатын ЖШС директорынан 1,5 млн теңге көлемінде пара алған.

«Жасаған қылмыстық іс үшін полицей 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру және атақтан айыру жазасына тартылды»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар