Атырау облысында заңсыз 130 қоқыс үйіндісі ғарыштан мониторингілеу барысында анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында ғарыштан түсіру арқылы рұқсат берілмеген 130 қоқыс үйіндісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «Қазақстан ғарыш сапары ҰК» АҚ-ның түсірілімдерімен Атырау облысында 130 қоқыс үйіндісі анықталып отыр. Оның 128-і Атырау қаласында болса, екеуі Махамбет ауданының аумағында орналасқан.

«Осыған байланысты ғарыштан мониторингілеу нәтижесінде анықталған қоқыс қалдығының орнын жою үшін арнайы кесте жасақталды. Аталған кестеге сәйкес рұқсатсазы қоқыс үйінділерін жоюға 1 ай мерзім белгіленді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Департамент мамандары қалалық әкімдік, полиция өкілдерімен бірге тұрмыс қалдығын тастаған тұлғаларды анықтау мақсатында рейд өткізді. Іс-шара кезінде Атырау қаласының Жұмыскер шағын ауданында анықталған рұқсат берілмеген қоқыс орындарына бақылау жүргізіліп, сол аумақтың тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында ғарыш түсіріліммен 484 қоқыс орны анықталғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар