Атырау облысында вакцинаның І компонентін алғандар саны 113 мыңнан асты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың І компонентін алғандар саны 113 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, 10 шілдеде «Спутник V», «QazVac», «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 2 556 атыраулық салдырған.

Вакцина алғандардың арасында 124 педагог, 57 дәрігер, 56 студент, 23 мемлекеттік қызметші, арнайы мекемелердің 9 өкілі болған. Сондай-ақ, қауіпті вирусқа қарсы вакциналарды 1 полицей, құқық қорғау органдарының 1 қызметкері, 361 созылмалы ауруы бар 361 пациент пен жергілікті 1 924 тұрғын алған.

«Биылғы 1 ақпан-10 шілде аралығында 113 798 адам вакциналардың I компонентін ектірді. Вакциналардың II компонентін алғандар саны 60 410 адамға жетті» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында бір күнде 3 769 адам вакцина салдырған болатын.


Соңғы жаңалықтар