Атырау облысында вакцинаның екі компонентін салдырғандар саны 100 мыңнан асты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында қауіпті вирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін салдырғандар саны 100 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, 2 тамызда 1 490 атыраулық «Спутник V», «QazVac» вакциналарының I компонентін салдырған.

«Биылғы 1 ақпан мен 2 тамыз аралығында145 185 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін ектірді. Вакциналардың II компонентін салдырған адамдардың саны 100 979-ға жетті» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 140 мыңнан астам адам вакцина салдырғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар