Атырау облысында вакцинаның екі компонентін салдырғандар 139 мыңнан асты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында вакцинаның екі компонентін салдырғандарсаны 139 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы үш

күнде 3 687 адам вакциналардың І компонентін салдырған.

«Өңірге биылғы 1 ақпаннан бері коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың I

компонентіне арналған 235 295, ал, ІІ компонент үшін 182 720 доза жеткізілді. 1 ақпан

мен 30 тамыз аралығында 192 979 атыраулық вакциналардың І компонентін ектірді.

Вакциналардың ІІ компонентін салдырғандар саны 139 279 адамға жетті», -деп мәлім етті

басқарманың баспасөз қызметінен.

Осы кезге дейін вакцина ектіргендердің арасында 13 048 педагог, 7 188 медицина

қызметкері, құқық қорғау органдарының 3 511 өкілі, 2 511 мемлекеттік қызметші, 1 183

полицей мен 4 702 студент бар. Сондай-ақ созылмалы сырқаты бар 12 644 пациент,

арнайы мекемелердің 978 қызметкері мен 147 135 тұрғын вакцина алған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда бір аптада Vero Cell вакцинасын 1,7 мың адам

салдырғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар