Атырау облысында вакцинациялаудың бірінші кезеңі аяқталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында вакцинациялаудың бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ерікті түрде «Спутник V» вакцинасын салудың бірінші кезеңі аяқталды.

«Атырау облысында коронавирус инфекцияға қарсы вакцинациялаудың бірінші кезеңі 1-15 ақпан аралығында жүргізілді. Осы мақсатта Атырау қаласында 16, ал аудандандарда 8 орын ашылды. Алғашқы кезекте вакцинаны медицина саласының мамандары алды. Олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер де бар. Атырау қаласында 725, аудандарда 273 адамға екпе салынды. Вакцина алғандар арасында ауруханаға жатқызу жағдайы тіркелген жоқ», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 12 күнде 1 мыңға жуық адам вакцина салдырғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар