Атырау облысында вакцина алушылардың тәуліктік көрсеткіші азайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында вакцина алушылардың тәуліктік көрсеткіші азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулік – 20 қазанда коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін 469 адам салдырған.

«Атырау облысында биылғы 1 ақпан мен 21 қазан аралығындағы кезеңде 236 422 адам вакциналардың I компонентін ектірді. Вакциналардың II компонентін алған атыраулықтардың саны 208 135 адамды құрап отыр» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында вакцинаның екі компонентін алғандар 202 мыңнан асқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар