Атырау облысында үш мың пәтерлі 44 көпқабатты үй салынады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бұл бастама облыстың 2000 тұрғынына өз үйлерін арзан бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Тұрғын үйдің жалпы ауданы 172,6 мың шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова және «Атырау» ӘКК басшысы Марат Түсіпқалиев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл келісімшарт бойынша 2019 жылы тапсырылатын 297 пәтерге арналған 4 нысанның құрылысы басталады. Бұдан басқа, Атырау облысының тұрғындарын баспанамен қамту үшін бірқатар меморандумдарға қол қойылды.
null 

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аймақ халқын   тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде әңгімеледі.

«Облыста 3 мың пәтерлі 44 көпқабатты үй салынады. Жыл соңына дейін 2000 пәтерге арналған 34 көпқабатты үй пайдалануға беріледі. Айта кету керек, «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасына қызығушылық танытып отырғандар аз емес. Жыл басынан бері 59 өтінім келіп түскен, оның 34-і мақұлданды»,- деді облыс әкімі.
null 

Бұдан басқа, жасалған меморандумдар аясында «Нұрсая» ықшам ауданында 100 пәтерлік тұрғын үйлер құрылысы жүргізіледі. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Нұрсая» және «Береке» аудандарында 21 тұрғын үй салынады.

Одан бөлек, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Талғайран» ықшамауданында 80 жеке меншік үй салынады. Олардың ауданы 64 - 191 шаршы метр, үйлер бір және екі қабатты. 1 шаршы метрдің тұрғын үй бағасы - 120 000 теңге. 

Сонымен бірге, әлеуетті сатып алушылар жер учаскесін алу үшін жергілікті әкімдікте тіркеуде болуы тиіс.

 «Нұрлы жер» бағдарламасының қатысушысы атанып, тұрғын үйді сатып алу үшін ТҚЖБ есебінде 20% бастапқы жарна болса, жеткілікті. Айталық, 1 бөлмелі пәтердің құнын 7 миллион теңге деп алсақ, онда депозитке 1,4 миллион теңге жинау керек. Содан кейін банк жеңілдетілген несиені жылдық 5% мөлшерлемемен береді»,-деп мәлімдеді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Соңғы жаңалықтар