USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Атырау облысында үш күнде 1 201 адам коронавирусқа шалдықты

2022 жылғы 15 қаңтар 16:59
Бөлісіңіз:
Атырау облысында үш күнде 1 201 адам коронавирусқа шалдықты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Қызыл» аймақтағы Атырау облысында үш күнде 1 201 адамкоронавирус инфекциясына шалдықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Эпидахуалдың нашарлауы қаңтар оқиғаларымен еш байланысты емес - Ералы Тоғжанов Ералы Тоғжанов шетелде оқитын студенттерді вакциналау мәселесін айтты Қазақстанда Pfizer вакцинасымен қанша адам егілді

Атырау облысында соңғы аптада қауіпті вирусты жұқтырушылар саны артып отыр.

Мәселен, 12 қаңтарда 243, 13 қаңтарда 437, ал, кеше, 14 қаңтарда 521 адам коронавирус

инфекциясын жұқтырған.

«Covid-19 инфекциясына шалдығу дерегі әсіресе, Атырау қаласында көбейді.

Мұнайлы шаһарда 14 қаңтарда қауіпті вирусты жұқтырудың 386 жағдайы расталды. Теңіз

кен орнында 27 науқас анықталды. Індеттің белгісі Жылыой ауданында 30, Индерде – 20,

Махамбетте – 18, Қызылқоғада – 11, Құрманғазыда –11, Исатайда – 10, Мақат ауданында 8 адамнан табылды. Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 272 науқаста симптомды белгі бар», -деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазір 1 075 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Өңірдегі инфекциялық стационарларда

хаттамаға сәйкес, ем-дом қабылдау үшін 524 науқас оқшауланған. Оның ішінде Теңіз кен

орнындағы инфекциялық стационарда – 279, модульдік ауруханада – 201, аудандардағы

стационарларда – 32, фтизиопульманологиялық орталықта 12 пациент бар.

Еске сала кетелік, бұған дейін «қызыл» аймақтағы Атырау облысында 437 адам

коронавирус инфекциясын жұқтырғаны хабарланған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT