Атырау облысында үш айда жол апатынан 25 адам мерт болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында үш айда жол апатынан 25 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жыл басынан бері 79 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

«Биылғы үш айда 79 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 25 адам мерт болды. Ал, 98 адам әртүрлі дене жарақатын алды. Шетелде тіркеуде тұрған көлік құралдары 32 жол апатына себепкер болды. Соның салдарынан 13 адам қаза тауып, 38 адам зардап шекті. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – елді мекенде қозғалыс жылдамдығын арттырып, қарсы бағытқа шығу. Өңірде жол-көлік оқиғасы көп тіркелетін апаттық-қауіпті учаскелер анықталды. Оның ішінде «Доссор-Құлсары-Бейнеу» тас жолының 18 шақырымы қауіпті аймаққа жатады», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында бір адам мерт болып, жүргізуші ауруханаға түскенін хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар