Атырау облысында түске дейін 23 сәби өмірге келді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында сайлау күні түске дейін 23 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 10 қаңтарда түске дейін 23 сәби өмір есігін ашқан. Оның ішінде 13-і – ұл, 10-ы – қыз.

Сайлау күнінде нәрестелі болғанның бірі – жас ана Шынар Төлеуішова. Ол бүгін өмірге төртінші сәбиін әкелді.

«Біздің отбасымызда балаларға мағынасы бөлек ерекше есімдер беру дәстүрі бар. Мәселен, үшінші қызымызды Құралай деп атадық. Себебі, қызым көктемгі табиғат құбылысы – Құралай аталатын амал кезінде дүниеге келді. Бүгінгі сайлау күнінде дүниеге келген төртінші қызымызға есім таңдауды осы шарамен байланыстырмақ ойымыз бар. Сайлау есімін бермейміз. Бірақ, қызымызға тәуелсіз еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне лайықты үлесін қосып жүрген іскер әрі саясаткер әйелдердің бірінің есімімен атауымыз мүмкін. Ал, бүгін – Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өткелі отырған еліміз келешегін бүгінгіден де кемелдендіре түсуге таңдау жасайтын тарихи күні. Сондықтан, еліміздің жаңғыруымен бірге қызымыздың да болашағы жарқын боларына сенемін», - дейді Шынар Төлеуішова.



Соңғы жаңалықтар