+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Атырау облысында тұмауға қарсы вакцинация қазан айында басталады

2020 жылғы 13 тамыз 14:04
Бөлісіңіз:
Атырау облысында тұмауға қарсы вакцинация қазан айында басталады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында тұмауға қарсы екпенің 60 мыңға жуық дозасы бар. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бердібек Сапарбаев тұмауға қарсы вакцина салдырды

Оның айтуынша, күн суытқан кезде короновирус инфекциясы вирустық аурулармен бірге өршуі мүмкін. Сол себептен, созылмалы ауруы бар азаматтар профилактика ретінде салынатын ​ тұмауға қарсы екпені алғаны жөн.

«Тұмауға қарсы екпе негізінен созылмалы ауруға шалдыққан науқастарға, жүкті әйелдерге, балалар мен ​ медицина қызметкерлеріне салынады. Қазір облыста тұмауға қарсы екпенің 60 мыңға жуық ​ дозасы ​ бар. Тұмауға қарсы екпе қазан айынан бастап салынады. Сонымен бірге, ​қазір дифтерия, туберкулез, пневмококк, полиомиелит инфекцияларына және тағы да басқа екпелер емханаларда жоспарлы кестеге сәйкес салына бастады», - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Бұдан бұрын Атырау облысының емханалары жоспарлы емдеуді бастағанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT