Атырау облысында ток соққан 11 жасар бала ауруханада жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында ток соққан 11 жасар бала ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқыс оқиға 2 қыркүйекте Құрманғазы ауданында болған.

«Аудан орталығы – Құрманғазы ауылындағы саябақта ойнап жүрген баланы көше жарығының бағанасынан ток соққан. Бала аудандық орталық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Үш күннен соң бала жалпы палатаға ауыстырылған. Қазір зардап шегушінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Оған 10 күн бойы қажетті медициналық көмек көрсетіледі», - деп хабарлады басқарманың баспасыөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда электр бағасында ток соққан монтер қайтыс болағанын хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар