Атырау облысында тамыз басталғалы 3 770 нысан тексерілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында тамыз басталғалы 3 770 нысан тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 64 мобильді топ 1 қаңтар-23 тамыз аралығында 11 866 рейдтік тексеру өткізіп, 48 764 нысанды қамтыған.

«Жыл басынан бері мониторингтік топтардан карантиндік шектеу шараларын бұзуға қатысты 812 хаттама түсті. Соған байланысты шағын және орта бизнес нысандары мен жеке тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 425-бабының 1-бөлігімен 540 айыппұл салынды. Ал, 1-23 тамыз аралығында 830 рейд жүргізіліп, 3 770 нысан тексерілді. Мониторингтік топтардан карантин талабын бұзушыларға қатысты 186 материал түсті» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда полицейлер мейрамханаларға тәулік бойы бақылау жүргізетінін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар