Атырау облысында тағы да балық қырылып жатыр

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында тағы да балық қырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысындағы су айдынында балықтың қырылғаны жөнінде видео тарады. Осыған облыс әкімінің баспасөз қызметі түсінік берді.

«Әлеуметтік желіде балықтардың жаппай қырылғаны туралы бейнеролик тарап жатыр. Қазір арнайы комиссия құрылып, оқыс оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Комиссияның құрамында облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері, өзге жауапты мамандар бар. Балықтың жаппай қырылуы Махамбет ауданындағы су айдынындарының бірінде болды деген болжам бар. Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланадаы», -деп мәлім етті әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау қаласының маңында балық қырылып, кейін оның себебі айтылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар