Атырау облысында табиғатты бүлдіргендерге 189 млн теңге айыппұл салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында табиғатты бүлдіргендерге 190 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Оның 80 млн теңгеге жуығы өндіріліп алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Департаменттің мемлекеттік бақылау бөлімінің мамандары жыл басынан бергі 6 айда табиғат қорғау заңдылығының сақталуына 57 тексеру жүргізді. Соның нәтижесінде экологиялық заңнама талаптарының бұзылуына қатысты 131 дерек анықталды. Табиғатты бүлдіргендерге 189 млн 813 мың теңге 449 теңгенің әкімшілік айыппұлын салу туралы 79 қаулы шығарылды», - деді Атырау облысы бойынша Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Сырым Тілегенов.

Оның айтуынша, табиғат пайдаланушыларға салынған айыппұлдың 79 404 265 теңгесі (63 айыппұл) ерікті түрде өтелді. Қазір айыппұлға қатысты өзге материалдар қаралып жатыр.

Бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты ластаушы заттарды ауаға нормадан көп шығарғанын жазған едік.

Өңір экологтары биылғы 27 сәуір – 26 мамыр аралығында «АМӨЗ» ЖШС-нің стационарлық көздерінен, өнеркәсіптік шығарындылардан, сондай-ақ химиялық талдау мақсатында «Тухлая балка» булану алаңына ағызылатын сарқынды судан сынама алған. Тексеру қорытындысымен «АМӨЗ» ЖШС-нің жылу электр орталығында орналасқан №3 қазаннан көмірқышқыл газы, ал, №4 қазаннан азот оксиді мен азот диоксидінің шекті рұқсат берілген нормадан асу фактісі анықталды.


Соңғы жаңалықтар