+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Атырау облысында сырқаттар жатқан 730 инфекциялық төсек-орын босады

2021 жылғы 25 қазан 11:13
Бөлісіңіз:
Атырау облысында сырқаттар жатқан 730 инфекциялық төсек-орын босады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында қауіпті вирусты жұқтырған науқастарға арналған инфекциялық төсек-орын 30 пайызға азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау студенттері мұнай өнімдерінің қалдығынан түрлі киім тікті Атырау облысында вакцинаның І компонентін 250 мыңға жуық адам салдырды Атырауда төбелескен оқушылардың ата-аналары айыппұл төледі

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, соңғы күндері коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны төмендегені байқалған. Мәселен, өткен тәулікте 24 адамнан қауіпті вирустың белгісі анықталған.

«Атырау облысында 15 қыркүйектен бері облыстық ауруханада, кардиоорталықта, екі жатақханада, теміржол ауруханасында орналасқан бес инфекциялық стационар жабылған еді. Кейін қазан айының басында фтизиопульмонологиялық орталық базасында жұмыс істейтін инфекциялық стационар жұмысын тоқтатты. Осыған байланысты ауруханалардағы инфекциялық төсек-орындар саны 30%-ға, нақтысында 2 352-ден 730 орынға дейін қысқарды», делінген хабарламада.

Қазір модульдік ауруханада – 99, №2 облыстық ауруханада – 6, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 33 науқас ем қабылдау үшін оқшауланған. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 73 пациент жатыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында бір күнде 48 адам коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT