+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Атырау облысында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған  19 адам сотталды

2021 жылғы 25 шілде 04:45
Бөлісіңіз:
Атырау облысында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған  19 адам сотталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 19 адам сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ахметжанов: Білім беру жүйесіндегі жемқорлық мемлекеттің болашағына тікелей қауіп төндіреді Атырауда алаяқ университетке ақысыз түсіремін деп үш адамның 1,2 млн теңгесін алған Марат Ахметжанов: Бизнес саласында жемқорлыққа қарсы стандарттар енгізу қажет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Қанат Сүлейменовтің мәліметінше, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 12 талдау мен мониторинг жүргізілген.

«Атырау облысында сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысты былтырғы 6 айда 77, биылғы осы кезеңде 46 қылмыс тіркелді. Жүйелі сыбайлас жемқорлыққа қатысты 5, мемлекеттік бағдарламалар аясында 3, шағын және орта бизнес субъектілерін қорғау және көлеңкелі экономиканы қолдау саласында 1 дерек анықталды. Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікке 39 адам тартылды. Оның ішінде 6 мемлекеттік органдардың бірінші басшысы бар» -дейді Қанат Сүлейменов.

Оның айтуынша, құқық қорғау органдарында (19), салық саласында (11), әкімдіктерде (9), білім (5), ауыл шаруашылығында (4), әлеуметтік қамсыздандыру (3) және өзге салалардағы сыбайлас жемқорлық схемалары жойылған. Анықталған қылмыстардың ішінде пара беруге байланысты 32, жымқыру мен алаяқтыққа қатысты 14 дерек тіркелген.

«Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қатысты 62 іс сотқа жіберілді. Сот шешімімен 19 адам сотталды», -дейді Қанат Сүлейменов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендегенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT