Атырау облысында сұйытылған газдың 1 литрі 50 теңгеден сатылады
2022 жылғы 13 тамыз 16:36

Атырау облысында сұйытылған газдың 1 литрі 50 теңгеден сатылады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында сұйытылған газдың шекті бөлшек саудадағы бағасы 1 литрі үшін 50 теңгені құрайды. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, Атырау облысында 95-ке жуық автомобильге газ құю станциясы бар. Ал, 29 мекеме сұйытылған газды сатуды жүзеге асырады. Былтыр өңірде сұйытылған мұнай газын тұтыну шамамен 50 мың тоннаны құрады. Биылғы 7 айда шамамен 36 мың тонна тұтынылды, -деп мәлім етті Болат Ақшолақов.

Энергетика министрлігі «Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған газдың бағасын мемлекеттік реттеуді сақтап қалды. Биылғы жылдың соңына дейінгі мерзімде сұйытылған газдың шекті бөлшек сауда бағалары бекітілді. Соған сәйкес Атырау облысындағы сұйытылған газдың шекті бөлшек саудадағы бағасы 1 литр үшін 50 теңгені құрайды», -деді Энергетика министрі.

Оның айтуынша, Энергетика министрлігі ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдап жатыр. Мәселен, өндіруші зауыттардың шығындарын ішінара өтеу мақсатында шекті көтерме бағаны тоннасына 33 600 теңге (19,7 теңге/литр) деңгейінде бекіту туралы бұйрық қабылдаған.

«Бағаның алыпсатарлықпен өсуіне жол бермей, сұйытылған мұнай газын облыстарға бөлуді реинжинирингтеу мәселесі қаралып отыр. Осындай шаралардың бірі – өндірушілердің белгіленген бөлшек сауда бағаларын негізге алып, сұйытылған мұнай газына шекті көтерме бағаларды айқындау жөніндегі қағидаларды әзірлеу. Бұл нарыққа қатысушылар арасында кірістерді әділ бөлуді қамтамасыз етіп, зауыттарды сұйытылған мұнай газын өндіруге ынталандыруға мүмкіндік береді», -дейді Болат Ақшолақов.

Еске сала кетелік, Энергетика министрі Әзербайжан арқылы мұнай тасымалдау жоспары жоқ екенін https://www.inform.kz/kz/azerbayzhan-arkyly-munay-tasymaldau-zhospary-zhok-energetika-ministri_a3966287 мәлім еткенін жазған едік.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT