Атырау облысында сушиден уланған тағы 8 адам ауруханаға түсті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Жылыой аудандық орталық ауруханасына сушиден уланған тағы 8 адам түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Жылыой аудандық орталық ауруханасына 16 адам түсіп, кейін 29 адамның уланғанын, оның 21-і емделіп жатқанын хабарлаған едік.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін тағы 8 адам ауруханаға жүгінген.

«Бүгін Жылыой аудандық орталық ауруханасына тағы 8 адам келіп қаралды. Дәрігерлер оларды ауруханаға жатқызды. Қазір улану диагнозымен ауруханада 29 адам емделіп жатыр» деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар