Атырау облысында сұрапыл жел үш мектептің шатырын ұшырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының Мақат ауданында қатты жел үш мектептің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында қатты желдің екпіні басылар емес. Бұған дейін тұрғын үйлердің

шатырын ұшырып әкеткенін хабарлаған едік.

Қатты желден Индер мен Мақат ауданында нысандардың шатыры бүлінген. Мәселен,

Индербор кентінің Д.Қонаев көшесінде орналасқан «Қазақтелеком» АҚ Индер аудандық бөлімшесі кеңсесінің, Қорғантау көшесіндегі тұрғын үйдің бірінің шатырын ұшырған. Ал, Мақат ауданында үш мектептің шатыры бүлінген. Мұнда саз мектебінің, О.Сарғұнанов және С.Шарипов атындағы орта мектептердің төбе жабындысы ұшқан.

Сондай-ақ, сұрапыл жел көп қабатты тұрғын үйдің шатырын қиратып кеткен.


Соңғы жаңалықтар