Атырау облысында сүңгуірлер жоғалған зейнеткерді Жайықтан іздеп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында сүңгуірлер із-түзсіз жоғалған зейнеткерді Жайықтан іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Махамбет ауданындағы Бейбарыс ауылының 65 жастағы тұрғыны 28 қаңтарда жоғалып кеткенін жазған болатынбыз. Зейнеткер сол күні сағат кешкі 19:30-да үйінен шығып кетіп, отбасына әлі оралған жоқ.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ол 29 қаңтардан бері іздестіріп жатыр.

«Зейнеткердің жоғалғаны туралы сенбіде, 29 қаңтарда сағат 00:15-те хабар түсті. Содан бері отбасына оралмаған ер адамды іздеу жергілікті учаскелік полиция инспекторларымен бірге жүргізіліп жатыр. Әзірге Бейбарыс және Сарайшық ауылдарына жақын маңдағы аумақты аралап, іздестіруден еш нәтиже жоқ. Қазір жоғалған зейнеткерді іздеуге Махамбет аудандық №11 өрт сөндіру бөлімінің жедел құтқару жасағынан 6 қызметкер, 1 кинологиялық есептің құрамы және 1 арнайы техника тартылды. Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері зейнеткерді Жайық өзенінен іздестіріп жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар