Атырау облысында суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында 1972 жылғы туған ер адам суға батып бара жатқан жерінен құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күнделікті рейд барысында, Индер ауданының құтқарушылары суға батып бара жатқан ер адамды көреді. Оқыс оқиға кешкі сағат 21:00 шамасында болды. Құтқарушылар тез арада құтқару операцияларын жүргізіп, зардап шегушіні жағаға алып шығып алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ол аман қалды. Зардап шегуші полиция қызметкерлеріне тапсырылды»,-деп хабарлады Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы  баспасөз қызметінен. 

Соңғы жаңалықтар