Атырау облысында спорт күні атап өтілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Спорт күнін мерекелеуге арналған салтанатты шара өтті. Шараға спорт ардагерлері, жаттықтырушылар мен спортшылар, халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

​Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен жыл басынан бері өңірде көптеген ірі спорттық шаралар өтті. Оларға жргілікті тұрғындар белсенді қатысады. Мысалы, қайырымдылық веложарысына 1 мыңнан астам адам қатысса 3 мыңға жуық қала тұрғыны жыл сайынғы марафонға және 800 адам басқа да бұқаралық жарыстарға қатысты.

​Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдің үздік спортшыларын спортты дамытудағы жетістіктері үшін төсбелгілермен және алғыс хаттармен марапаттады.  

​«Атырау облысында спорт жүйелі дамып келеді. Біздің спортшылардың республикалық және халықаралық деңгейдегі жетістіктері аз емес. Оған спортты дамыту бойынша облыста сауатты саясат жүргізілуі, оған жан-жақты қолдау көрсетілуі ықпал етті. Елбасының тапсырмасын орындау аясында облыста спорттың бұқаралық түрлерін дамытуға басым көңіл бөлініп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз. Әлемдік деңгейде жарысқа түсіп, биік тұғырлардан көрініп жүрген спортшылар - облысымыздың мақтанышы. Сондықтан, барлық бапкерлерге алғысымды айтамын. Сіздер әрбір спортшыны дайындауға аянбай еңбек сіңіріп, жан-тәнімен қызмет етіп жүрген ұстазсыздар», - деді Нұрлан Ноғаев.
null

​Атырау облысы - мүмкіндігі шектеулі адамдар дене шынықтыру және спортпен белсенді айналысатын жетекші өңірлердің бірі. 2008 жылы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы құрылып, барлық қажетті спорт жабдықтарымен жарақталды. Бүгінде 45 мүмкіндігі шектеулі спортшы Ұлттық Паралимпиялық құраманың мүшесі. 11 спортшы - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 27-і - Қазақстан Републикасының спорт шебері, 41-і спорт шеберіне кандидаттар. 

​Айта кетерлігі, 2017 жылы 880 спорттық шара өткізіліп, 175 мың адам тартылды. Ағымдағы жылдың басынан бері 572 спорттық шара өткізіліп, оларға 80 мыңға жуық адам қатысты. Бүгінгі күнге біздің спортшылар түрлі деңгейдегі спорттық жарыстарда 494 медаль иеленді.
nullnullnull

Соңғы жаңалықтар