+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Атырау облысында соңғы үш жылда 1,5 мың бала вакцина алмаған

2020 жылғы 29 қаңтар 22:45
Бөлісіңіз:
Атырау облысында соңғы үш жылда 1,5 мың бала вакцина алмаған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Соңғы үш жылда Атырау облысында 1,5 мыңнан астам бала екпе алмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда 765 ата-ана баласына екпе салдырудан бас тартқан Министр: Екпеден бас тартқандар өз баласына ғана емес, қоғамға қауіп төндіріп отыр Атырау облысында 346 ата-ана баласына екпе салдырмай отыр

«2017 жылы екпеден бас тартқандар саны - 484 болса, 2018 жылы - 502, ал 2019 жылы – 509 адамға жетті. Бас тартушылардың көбі облыс орталығында – 1063, одан кейін Жылыой (151) және Құрманғазы (105) аудандары тұр. Ата-аналардың екпеден бас тартуына түрлі себептер бар. Бірінші кезекте діни себеппен салдырмау немесе вакцина бала денсаулығына зиян деген оймен бас тарту жиі кездеседі. Елімізде балалар туғаннан 16 жасқа дейін екпенің 13 түрін алуға тиіс. Оның ішінде қызылша, қызамық, паротит, гепатит, туберкулез сияқты жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар бар», - дейді облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев.

Айта кетейік, өткен жылы ата-аналармен жүргізілген түсіндіру жұмысынан кейін 97 адам райынан қайтып, баласына екпе салуға рұқсат берген.

Еске сала кетейік, Атырау облысында жыл басынан бері 15 адам қызылша жұқтырған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Атырау облысы, Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT