+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Атырау облысында шетелдік жұмысшылар саны қысқарады

2020 жылғы 31 қаңтар 08:30
Бөлісіңіз:
Атырау облысында шетелдік жұмысшылар саны қысқарады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында шетелдік жұмысшылар мен мамандар саны 6,5 мың адамға қысқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде 2,2 млн адамның онлайн жұмысқа көшуіне мүмкіндік бар Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 8 мыңға жуық жұмыс орны ашылды Шығыс Қазақстанда 6 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

«Биыл жергілікті өндірісте өткен жылмен салыстырғанда 6 433 шетелдік жұмысшы кем болады. Осы жылы шетелдік жұмысшыларды тартуға бөлінетін квота 38% құрап отыр (2019 жылы – 17000, биыл – 10567 квота). Соның ішінде басшылық қызметте – 88, құрылымдық бөлімдер басшылары – 2369, мамандар – 6858, білікті жұмысшылар – 641 және маусымдық жұмысшылар – 611 адам», - деп хабарлады облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан.

Еске салайық, шетелдік жұмыс күшін тартуға бөлінетін квотаны қысқарту - Мемлекет басшысының тапсырмаларының бірі.

«Шетелдік жұмыс күшін тартуға квота саны қысқарады. Қысқарту 40%-ды 2019 жылы 49 мыңнан 2020 жылы 29 мыңға дейінгі аралықты құрайды. 30-дан астам шетелдік қызметкерді жұмылдыратын 250 адамнан асатын барлық кәсіпорындар жыл сайын тексеруден өтеді», - деді ҚР Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында.

Автор: А. Соколов


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT