+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Атырау облысында шетелдік 16 жұмысшының жалақысы төмендетілді

2021 жылғы 4 қыркүйек 03:16
Бөлісіңіз:
Атырау облысында шетелдік 16 жұмысшының жалақысы төмендетілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында шетелдік 16 жұмысшының жалақысы төмендетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда Жайық жағасынан әйелдің денесі табылды Атырау облысында төтенше жағдайлар қызметіне 9 айда 1 467 рет шақырту түскен Эпидахуалды бағалау матрицасы: Атырау облысы «жасыл» аймаққа өтті

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіровтің айтуынша, биылғы сәуірде арыздарға байланысты «China National Chеmical Enginееring CO., Ltd.» (CNCEC) компаниясының филиалы мен «Фиркрофт Инжиниринг Сервисиз Лимитед Казахстан» (Фиркрофт») ЖШС-на ҚР Еңбек кодексінің 103-бабының 1-1-бөлігіндегі талаптардың сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

«Тексеру кезінде ұқсас лауазымдағы және бірдей міндеттер атқаратын «Фиркрофт» мен «CNCEC» компанияларының жұмысшылары арасында еңбекақы тең дәрежеде төленбейтіні белгілі болды. Сондықтан, жұмысшылардың жалақысын теңестіру жөнінде нұсқама енгізілді. Соның нәтижесінде «Фиркрофт» серіктестігіндегі 23 жұмысшының жалақысы өсіріліп, «CNCEC» компаниясындағы қытайлық 68 жұмысшының жалақысы теңестірілді. Ал, Қытайдан келген 16 жұмысшының еңбекақысы төмендетілді», - дейді Игілік Әубәкіров.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысында «Бұрғылау» жобасы жұмысшыларынан ұжымдық арызы қабылданған. Соған сәйкес «Фиркрофт Инжиниринг Сервисиз Лимитед Казахстан» ЖШС тексерілген.

«Тексеру қорытындысымен «Фиркрофт Инжиниринг Сервисиз Лимитед Казахстан» ЖШС-на Еңбек кодексінің 103-бабына сәйкес, биылғы 1 қантардан басқа лауазымға ауыстыру күніне дейін 76 жұмысшының, ауыстырылған күннен кейін 51 жұмысшының жалақысын «Бұрғылау» ЖШС-ның жұмысшыларымен теңестіру жөнінде нұсқама берілді. Басқа лауазымға ауыстыру күніне дейін екінші санаттағы 46 жұмысшының, ауыстырылған күннен соң 70 жұмысшының жалақысын «Бұрғылау» ЖШС-ның еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес өсіру тапсырылды. Осыған байланысты «Бұрғылау» жобасындағы «Фиркрофт» компаниясында жұмыс істейтін 129 қызметкердің қаңтар-мамыр айлары аралығындағы 51,5 млн теңге жалақысы қайта есептеліп, «Бұрғылау» ЖШС-ның қызметкерлерінің еңбекақысымен теңестірілді», - деп мәлім етті Игілік Әубәкіров.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жыл басынан бері 364 млн теңге жалақы қарызы өндірілген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT