Атырау облысында шектеу шаралары күшейтілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында шектеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысында айтылған.

«Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін» -делінген құжатта.

Жаңа қаулығы сәйкес, көпшілік іс-шараларды (мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынып отыр.

«Аshyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін қоспағанда ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, жабық үй-жайдағы, соның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріндегі балалар ойын-сауық орталықтары мен аттракциондардың, ойын алаңдарының (ауладағыларды қоспағанда), түнгі клубтардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, бильярд, боулингтердің, букмекерлік кеңселердің, «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін қоспағанда мәдени объектілердің, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың қызметіне, «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін қоспағанда көрермендері бар спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын» -делінген қаулыда.

Жаңа қаулы 24 мамырда сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.


Соңғы жаңалықтар