Атырау облысында шектеу шаралары 28 қыркүйекке дейін жалғасады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының аумағында шектеу шаралары 28 қыркүйеккедейін жалғасады. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері АсылбекШаровтың арнайы қаулысында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес Атырау облысының

аумағында шектеу шаралары 2020 жылғы 14 қыркүйек сағат 00:00-ден 28 қыркүйек

сағат 00.00-ге дейін шектеу шаралары ұзартылып отыр.

«InfoKazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және шахматтық отырғызу тәртібі бойынша әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, үзіліс кезінде үй-жайларды желдету, медициналық бетперде кию арқылы жалпы

сыйымдылығы 50%-дан аспайтын және 50 адамнан аспайтын мәдени нысандардың,театрлардың кітапханалардың, мұражайлардың;

InfoKazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық

режимді сақтай отырып, сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін жалпы сыйымдылығы 30% -дан аспайтын, бірақ 50 адамнан аспайтын бассейндердің қызметіне алдын ала жазылу

бойынша;

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып,сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін бір адамға 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, жалпы сыйымдылығының 30%-нан аспайтын сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктердің), сауда желілерінің;

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу

бойынша 15 адамнан аспайтын тобы бар балалар түзету кабинеттерінің/орталықтарының,

балалар мен ересектердің оқу орталықтарының, оңалту орталықтарының;

InfoKazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық

режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша бірадамға кемінде 4 ш. м. есебінен

СПА-орталықтардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және

косметологиялық қызметтер көрсететін орталықтар мен салондардың, маникюр және

педикюр;

InfoKazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық

режимді және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып,медициналық бетперде кию

арқылы, алдын ала жазылу бойынша, бактерицидтті лампалар болған жағдайында жалпы

сыйымдылығы 30%-дан аспайтын және 50 адамнан аспайтын жаттығу залдарының,

фитнес-орталықтардың,спорт секцияларының, спорттық-сауықтыру орталықтарының;

Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік

секторлардың, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ қызметтері

рұқсат етілген кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне әлеуметтік қашықтықты және

күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат берілсін» -

делінген қаулыда.

Сондай-ақ, демалыс және мереке күндері балалар түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектердің оқу орталықтарының, оңалту орталықтарының қызметі тоқтатылады.


Соңғы жаңалықтар