Атырау облысында шалғайдағы елді мекендерді газдандыру жұмыстары жүргізілуде

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында шалғайдағы елді мекендерді газдандыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Жоба Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасы аясында іске асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Атырау және Құлсары қалаларынан басқа өңірде 130 елді мекен газдандырылған. Бұл ретте қалған 34 шағын елді мекендерді газдандыру мәселесі қарастырылуда.

2017 жылы Құрманғазы ауданының Азғыр ауылдық округіне қарасты 10 елді мекенді газбен жабдықтау жұмыстары басталған болатын. Аталған аудандағы кенттер мен ауылдарды газдандыру жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік аударымдары есебінен жүргізіледі. Жобаның жалпы құны - 10 млрд теңге. Жоба аясында алыс орналасқан елді мекендерге ұзындығы 365 шақырым магистралдық газ құбырын төсеу жоспарлануда. Бүгінгі күні 274 шақырым газ құбыры желісі жүргізілді.

Мұнан басқа Махамбет, Исатай және Қызылқоға аудандарының елді мекендерін газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Мамандардың мәліметтері бойынша осы жұмыстар аяқталғаннан кейін өңірдің елді мекендерінің 93,3%-ы көгілдір отынмен қамтамасыз етілетін болады.

Облыстық Энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Асан Нұрғалиевтың айтуынша, бүгінгі күні облыста ауылдарды газдандыру бойынша үш жоба іске асырылуда. Ағымдағы жылдың соңына дейін Махамбет ауданындағы Атамбай, Балаораз және Көздіқара ауылдарын газдандыру жұмыстары аяқталуы тиіс.

2019 жылы Қызылқоға ауданының алты ауылын газдандыру жоспарлануда. Қазіргі таңда жобаның ЖСҚ дайындалуда. Барлық жоспарланған жұмыстар аяқталғаннан кейін Атырау облысында 153 ауыл табиғи газбен жабдықталатын болады.                     

null null 

Соңғы жаңалықтар