Атырау облысында сегізінші оттегі стансасы іске қосылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Индер аудандық ауруханасында оттегі стансасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір өңірдегі 7 ауруханада орталықтандырылған оттегі стансасы жұмыс істеп тұр. Оның екеуі Құрманғазы мен Қызылқоға ауданында іске қосылған. Сондай-ақ, Атырау қаласындағы облыстық перинаталдық және кардиологиялық орталықтарда, облыстық аурухана мен №2 инфекциялық, сондай-ақ, былтыр ашылған модульді инфекциялық ауруханаларда да оттегі стансасы бар.

«Өңірдегі 8-ші оттегі стансасы Индер аудандық ауруханасында іске қосылды. Енді Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында салынып жатқан модульді

инфекциялық ауруханаға да оттегі стансасын орнату жоспарланып отыр», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар