Атырау облысында сарбаздың қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында әскери қызметші қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл деректі растаған Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Шекара қызметінің әскери қызметшісі Нұрбек Ерғалиев 17 тамызда қайтыс болған. Әскери қызметші Атырау облысындағы мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде қызметін өткеріп жүрген.

«Сот-медициналық сараптау нәтижесі бойынша «кенеттен болған жүрек өлімі» анықталды. Әскери қызметшінің өлімі фактісіне қатысты тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы әскери қызметшінің туғандары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, қаза тапқан адамның отбасына қажетті көмек беру шараларын қабылдайды», - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметінен.

Кей дерекке қарағанда, қайтыс болған әскери қызметші Маңғыстау облысынан әскерге шақырылған. Атырау облысының Исатай ауданындағы шекара заставасында қызмет атқарған. Оның әскери міндетін атқару мерзімі алдағы күзде аяқталуы тиіс болған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Жайықтың жағасында тұрған қайықта ойнап жүрген бала суға батып кеткенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар