Атырау облысында Рfizer вакцинасын алғандар саны 6 мыңнан асты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Pfizer вакцинасын алғандар саны 6 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирусқа қарсы аталған препаратпен егу 20 қарашада басталды.

«Содан бері аталған екпені 6 014 адам салдырды. Оның ішінде басым үлесті 12-18 жастағы жасөспірімдер құрап отыр. Олардың саны – 3 198. Сондай-ақ, бала емізіп отырған 2 531 ана мен 284 жүкті әйел Pfizer вакцинасын ектірді», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар