Атырау облысында Рfizer вакцинасын 2 276 адам салдырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Рfizer вакцинасын 2 276 адам салдырды, депхабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 ақпаннан бері вакциналардың I компонентін 256 546 адам ектірген. Ал, вакциналардың ІІ компонентін алғандардың саны 237 732 адамға жеткен.

«Қазір Атырау облысында ревакциналаудан 6 865 адам өтті. Ревакциналаудан дәрігерлер мен, мұғалімдер, құқық қорғау органдары мен арнайы мекемелердің қызметкерлері, полицейлер мен мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ, созылмалы сырқатымен есепте тұратын пациенттер өтіп жатыр. Ал, 20 қарашадан бері Pfizer 2 276 адам салдырды. Бұл вакцинаны алғандардың қатарында 120 жүкті әйел, бала емізіп отырған 1 174 ана мен 12-ден 18 жасқа дейінгі 982 жасөспірім бар», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында ревакциналаудан 6 мыңнан астам адам

өткенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар