Атырау облысында резерват қызметкерлері браконьерлік әрекетке барды деген күдікке ілінді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында басты міндеттері табиғи қорықты браконьерлерден қорғау болып табылатын «Ақжайық» резерваты инспекторларының өздері заңсыз әрекеттерге барды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қала маңындағы Мирный кенті маңында «Нива» көлігі тоқтатылып, оған тексеру жүргізілген. Көлікте «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының екі инспекторы отырған, олардан сирек кездесетін балықтардың 650 келісі табылды. Ұсталғандар балықты резерватқа заңсыз қойылған торлардан алғандықтарын айтты. Бұл ретте олар полиция қызметкерлеріне арнайы нөмірлі бланкіге емес, жәй қағазға толтырылған хаттаманы көрсеткен»,-деп хабарлады облыстық Ішкі істер департаментінің табиғи ресурстарға қол сұғу әрекеттерімен күрес бөлімінің бастығы Серік Жанұзақов.

Резерват қызметкерлерін балықпен ұстау фактісі бойынша, Атырау облыстық Ішкі істер департаметінің өкілдері ҚР ҚК-нің 335 бабы бойынша, «Балық ресурстары мен өзге де су жануарларын мен өсімдіктерді заңсыз аулау» әрекеті бойынша, сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын бастады.

Соңғы жаңалықтар