Атырау облысында ревакциналаудан 6 мыңнан астам адам өтті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында ревакциналаудан 6 мыңнан астам адам өтті,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда,

Covid-19 инфекциясына қарсы вакциналарды алушылар қатары көбейген.

Биылғы 1 ақпаннан бері вакциналардың I компонентін 256 290 атыраулық салдырған.

Вакциналардың II компонентін ектіргендер саны 237 434 адамға жеткен.

«Атырау облысында 23 қарашада ревакциналау басталған еді. Содан бері ревакцинациядан өтуге ынта танытқандар саны артып отыр. Ревакциналауды алушылар қатарында дәрігерлер мен, мұғалімдер, құқық қорғау органдары мен арнайы мекемелердің

қызметкерлері, полицейлер мен мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ, созылмалы

сырқатымен есепте тұратын пациенттер бар. Бүгінге дейін осындай санаттардағы 6 163

адам ревакциналаудан өтті», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, 20 қарашадан бері Рfizer вакцинасы салынып жатыр.

«Өңірге балаларға, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға салу үшін Pfizer вакцинасының 32 760 дозасы жеткізілген еді. Бұл вакцинаны алатындар тізіміне 12 мен 18 жас аралығындағы 63 138 жасөспірім мен бала емізетін және жүктілігі бар 35 362 әйел енгізілген. Олардың 70 пайызында – 76 мың адамда вакцина алуға қарсы көрсетілім жоқ.

Осы кезге дейін Pfizer екпесін алған жасөспірімдер мен әйелдердің саны 2 171 адамды құрап отыр», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 1 864 адам Рfizer вакцинасын

салдырғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар