+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Атырау облысында Ресеймен шекарадағы ауылда жедел жәрдем бекеті ашылды

2021 жылғы 21 сәуір 19:51
Бөлісіңіз:
Атырау облысында Ресеймен шекарадағы ауылда жедел жәрдем бекеті ашылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы Ресейдің Астрахан өңірімен шектеседі. Екі ел шекарасындағы Құрманғазы ауданының Котяев ауылында жедел жәрдем стансасының қосалқы бекеті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
1 млн ауыл тұрғынының табысы артады – Ербол Қарашөкеев Ақмола облысында «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» форумы өтті Даму әлеуеті бар 3561 ауыл жаңғыртылмақ

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұдан былай Қазақстан-Ресей шекарасы маңында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге, сондай-ақ ауыл тұрғындарының 1, 2 және 3-санаттағы шақыруларына жедел медициналық көмек көрсетілетін болады.

«Қосалқы медициналық жедел жәрдем стансасы шұғыл медициналық көмек көрсетілетін санитарлық реанимобильмен қамтылды. Арнайы көлік зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған. Жедел жәрдем бекеті радиусы 10-12 шақырымда орналасқан Кудряшов, Жасталап ауылы мен паромға дейінгі аумақты қамтиды. Бекетте тәулік бойы 2 фельдшер мен 1 жүргізуші жұмыс істейді. Ал, арнайы бригада тұрғындарға кешкі сағат 17:00-ден таңғы сағат 9:00-ге дейін, сондай-ақ демалыс, мереке күндері қызмет көрсетеді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайын Call-орталықтан білуге болатынын жазған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT