Атырау облысында полиция инспекторы жол апатына себепкер болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында полиция инспекторы жол апатына себепкер болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол апаты 17 қарашада Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында болған.

Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Құлсары қаласындағы «Кең Жылыой» шағын ауданында жергілікті уақытпен сағат 15:30 шамасында «Lada–21214» маркалы қызметтік көлікті басқарған ювеналды полиция тобының инспекторы басты жолда келе жатқан «Toyota Alphard» көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан жол-көлік оқиғасына себепкер болды. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, екі көліктің жүргізушісі мас күйде болмағаны және дене жарақаттарын алмағаны анықталды» -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір жол-қауіпсіздік ережесі талаптарын орындамаған полиция қызметкеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодесінің 610-бабымен хаттама толтырылған. Аталған дерекке байланысты облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізіп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрны Атырауда полиция көлігі өртеніп кеткенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар