Атырау облысында полиция басшыларын парамен қолға түсірген сәттің видеосы жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау облысы бойынша Полиция департаментінің Тылдық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылық басшысы, полиция подполковнигі мен оның орынбасары, полиция майорына қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді басталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Олар бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, бірнеше ЖШС директорынан ТҚБ Автошаруашылығы бастығының карточкалық шотына аудару арқылы 2,5 млн. теңге көлемінде пара алып, сондай-ақ полиция департаментінің автокөлігіне қызмет көрсету бойынша қосымша келісімге қол қою үшін 37 млн. теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, 24 қыркүйекте жедел-тергеу іс-шаралары барысында аталған полиция қызметкерлері көрсетілген соманы қолма-қол ақшаға айналдырған кезде ұсталды (жеке тінту кезінде ТҚБ автошаруашылығы бастығынан 800 мың теңге, оның орынбасарынан 1 млн. 200 мың теңге алынды).

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.



Соңғы жаңалықтар