Атырау облысында полицейлер өртенген үйден 7 адамды құтқарды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында полиция қызметкерлері өртенген үйден 7 адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Құрманғазы ауданының Мақаш ауылдық округінде болған.

«Учаскелік полиция инспекторы Талғат Рахимов пен көмекшісі Біржан Махмудов, полиция қызметкері Бағытжан Қадырбаев түнгі сағат 01:00 шамасында ауылдағы тұрғын үйдің бірінен өрт шыққанын байқаған. Полицейлер оқиға орнына жедел жетіп, өртенген үйден 4 ересек адам мен 3 баланы құтқарды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полицейлер өрт сөндірушілер келгенге дейін жалынды сөндіруге көмектескен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық полицей Жайық өзеніне түсіп кеткен екі жасөспірімді құтқарған болатын.


Соңғы жаңалықтар