Атырау облысында Pfizer вакцинасын салдырғандар саны 6 мыңға жуықтады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Pfizer вакцинасын салдырғандар 5 912 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, вакцинаның I компонентін салдырғандар саны 266 332 адамға жеткен.

Вакцинаның II компонентін 249 514 адам ектірген.

«Атырау облысында Pfizer вакцинасын 5 912 адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 3 126 жасөспірім, бала емізіп отырған 2 504 ана мен 282 жүкті әйел бар. Ал, қайта вакциналаудан өткендердің саны 29 964 адамды құрап отыр», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында Pfizer вакцинасын 5 774 адам салдырған болатын.


Соңғы жаңалықтар