Атырау облысында Pfizer вакцинасын 76 мың адам алады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Pfizer вакцинасын алуға қарсы көрсетілімі жоқ әйелдер мен балалар саны 76 мың, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қарашаның соңына дейін Pfizer вакцинасының екі компонентіне арналған 153 270 дозаны жеткізу көзделген.

«Атырау облысында 12 мен 18 жас аралығындағы балалар саны 63 138 адамды құрайды. Ал, бала емізетін және жүкті әйелдер саны – 35 362. Оның ішінде 70 пайызында, 76 мың адамда коронавирус инфекциясына қарсы екпе алуға қарсы көрсетілім жоқ. Балаларды, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарды індеттен қорғау үшін Pfizer вакцинасының І және ІІ компонентті үшін 153 270 дозасы жеткізіледі. Қазір Pfizer вакцинасын сақтау үшін 2 мұздатқыш әкелінді. Вакцинаның 17 550 дозасын 12 қарашаға дейін жеткізу жоспарланып отыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысына QazVac вакцинасының 5 мың дозасы жеткізілгенін хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар