Атырау облысында Pfizer вакцинасын 5 516 адам салдырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Pfizer вакцинасын 5 516 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір өңірде 69 егу бекеті жұмыс істейді. Оның ішінде 10 жылжымалы бекет бар.

«Атырау облысының дәрігерлері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алудың маңызы туралы ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізіп келеді. Бұл іс-шара өңір тұрғындарының вакцинаға байланысты көзқарасын түбегейлі өзгертіп, ынтасын оятты. Былтырғы 1 ақпаннан бері COVID-19 инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін ектірген адамдардың саны 265 348-ге жетті. Вакциналардың II компонентін 248 247 адам алды. Ал, Рfizer екпесін 5 516 адам салдырды. Бұл вакцинаны алғандар арасында басым үлесті 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер құрап отыр. Олардың саны – 2 866 адам. Бала емізіп отырған 2 390 ана мен 260 жүкті әйел аталған вакцинаны ектірді», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, 8 санатқа кіретін 26 465 адам қайта вакциналаудан өткен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 265 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина алғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар